$498.69 €522.23 ₽5.79
×

«Алға қойылған мақсат-міндеттерді іске асыру үшін әр депутат, әр фракция жұмыла жұмыс істеуі қажет», - Е. Қошанов

29.01.2025ж. 20:00
154
«Алға қойылған мақсат-міндеттерді іске асыру үшін әр депутат, әр фракция жұмыла жұмыс істеуі қажет», - Е. Қошанов

«Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылаймыз». Мәжіліс төрағасы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерге қатысты пікір білдірді. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының барлық тапсырмасының артында халықтың тұрмысын жақсарту міндеті тұр дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіші бойынша оң серпін бар екенін атап өтіп, алдағы бес жылға арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындап берді. Ол – ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, атом энергетикасын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді нығайту, инвестиция тарту. Палата спикері Президент пәрменін орындау үшін әр депутат, әр фракция жұмыла жұмыс істеуі керегін айтты. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президенттің барлық тапсырмасының артында, ең алдымен, халықтың тұрмысын жақсарту мақсаты тұрғанын атап өткім келеді. Осыған орай заңнамалық шешімдердің бәрі халықпен тығыз байланыста қабылдануға тиіс. Халықтың пікірі, азаматтардың ерік-қалауы – Мемлекет басшысының саясатының басты өзегі. Сондықтан депутаттар күнделікті жұмыста осы қағиданы ұстануымыз керек. Алға қойылған мақсат-міндеттерді іске асыру үшін әр депутат, әр фракция жұмыла жұмыс істеуі қажет.