Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірдегі департаменті өкілдері кәсіпорында монополиялық жоғары бағаны белгілеу бөлігінде бұзушылық анықталуына байланысты тергеу тағайындалғанын мәлімдеді. Айтуларынша, компания 2021-2023 жылдары аралығында мұнай өнімдерін өңдеу қызметінің бағасын 31 пайызға аспандатқан көрінеді. 6-шы қаңтарда басталған тергеу әлі 3 айға созылады. Құқықбұзушылық дәлелденсе, алпауыт кәсіпорын ақшаны қайтарып қана қоймай, айыппұл төлейді.
ӘСЕЛ ӘДИЕВА, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АОБ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тергеудің қорытындысы бойынша бұзушылық белгісінің бар-жоғы анықталатын болады. Егер де тергеу фактісі расталған жағдайда осы толықтай монополиялық кірісі тәркілене отырып, 5 пайыз көлемінде айыппұл салынатын болады.