"Құрметті көршілер, үйіміздің чатына қосылу үшін QR кодты енгізіңіз". Бұл- алаяқтардың жаңа қақпаны. Схема қарапайым, шақыртуды қабыл алғандар, қаражатынан айырылады. Алаяқтың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Айдана Қайрат айтады.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Біз қазір қаладағы көп қабатты үйдің біріндеміз. Дәлізде есікте осындай QR-код жабыстырылып тұр. Олай жасасаңыз алаяқтардың жемтігіне айналасыз. QR-код бірнеше жерге жапсырылған. Тіпті үйіміздің актуалды мәселелерін білгіңіз келсе чатқа қосылыңыз деп жазылып тұр.
QR-кодты сканерлегенде немесе сілтемеге өткен жағдайда алаяқтар азаматтың аккаунтына қол жеткізеді. Бұған қоса смартфон, гаджетіне зиянкес бағдарламалық қамтылым енгізіп, "вирус" жұқтырады. Артынша банк есепшоттарының құпия мәліметтері ұрланады. Соңғы жылы 2 мыңға жуық адам түрлі сілтемелерге өтіп, біраз қаражатынан айрылған.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қазір тіпті бөтен номер қоңырау шалса жауап бермеймін, қауіптенемін. Біраз жақындарым ватсап сілтемелерге өтіп қаражатынан айрылды.
- Подьезд ішінде, аула сыртында түрлі сілтемелер, хабарландыруларды жиі көремін. Бір рет аузым күйгендіктен, жоламауға тырысамын.
QR-кодты енгізіп, ақшасынан айрылып қалған жағдай полицияда тіркелмеген. Бірақ, тәртіп сақшылары сілтемеге кірерде өте мұқият болған жөн деп ескертеді.
АЙДАР ҚОНЫСБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
QR кодтардың барлығына өту опасно. Күман тудыратын сілтемелерге өтпеу қажет. Әр нәрседен өтпес бұрын қарау керек. Оның қажеті бар ма, жоқ па? Информационный каналдың аты жазылып тұрса, оны тексеріп барып тіркелген дұрыс.
Алаяқтардан айла артылмай тұр, сондықтан өзіңізге абай болыңыз. eGov mobile қосымшасы арқылы несие рәсімдеуден 6 айға дейін бас тарта аласыз. Бұл алаяқтардың сіздің атыңыздан онлайн несие рәсімдеуінен сақтайды дейді – мамандар