$502.47 €525.83 ₽5.68
×

"Қазақстан халқына" қоры 104 қайырымдылық жобасына бастамшы болды

"Қазақстан халқына" қоры 104 қайырымдылық жобасына бастамшы болды

Елімізде ерекше балаларға арналған 25 оңалту орталығы ашылады. Жаңа жобалар «Қазақстан халқына» қоры есебінен жүзеге асады. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады. Қоғамдық қор өз қызметінде 104 қайырымдылық жобасына бастамашы болған. Оның 62-сі аяқталды. Оларды жүзеге асыруға 240 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ білім беру саласында 61,4 млрд теңгені құрайтын 19 бағдарламаны жүзеге асыруда. Ал денсаулық сақтау саласындағы 30 жобаны іске асыруға 132,8 млрд теңге қарастырылған. 

БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қор әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 16,3 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыруда. Ерекше балаларға арналған аудандық оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде ауылдарда облыстық 5 және аудандық 4 оңалту орталығын аштық. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашу жоспарланған.

"Қазақстан халқына" қоры 104 жобаға бастамашы болды

Аяқталғаны - 62 жоба

240 млрд теңге бөлінді

Білім саласы - 19 жоба (61,4 млрд теңге)

Денсаулық сақтау саласы - 30 жоба (132,8 млрд теңге)