$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Таразда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге қатысты шу шықты

29.01.2025ж. 20:00
208
Таразда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге қатысты  шу шықты

Еліміздегі ең ірі мөлтек аудан Таразда орналасқанымен, ондағы шағым шаш етектен. 15 мөлтек ауданындағы жаңа үйлерде тұрғындардың тұрғысы жоқ. Себебі, бір жыл бұрын ғана берілген баспананың жертөлесі кәріз суына толып, бұқара бұл иістен басымыз ауырады дейді. 

Мемлекеттік бағдарламамен баспаналар баспаналы болдық деп қуанған жұрт, жыл өтпей жыларман күйге түскен. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға берілген үй бір жыл болмай бүлінген. Жертөле нәжіс суына толып, қабырғалары сөгіліп, үйдің іші көгере бастаған. Ал мүгедектерге мүлде жағдай жасалмаған.

ҚАРЛЫҒАШ ЕСКИЕВА, ТҰРҒЫН:

Канализация апта сайын толады. Қазір иісі бірінші қабаттың бәріне толық дерлік келіп жатыр, тұруға мүмкін емес ше. Фундаменттің жабыстырған нәрселері түсіп, астының бәрі жарылып жатыр, цементтерінің барлығы. Бұл ертеңгі күні мына домның құламауына кім кепіл.

БАҚЫТЖАН МАЗБАЕВ, ТҰРҒЫН:

Мүгедектерге арналған трап дейді трапы бар бірақ жөнді жасалмаған. Біз ұстап жүретін порешь, мысалы біз ұстап жүретін темірлері жоқ.

Бұл үйді тегін алмадық, несиесін төлеп, тағы кем-кетігіне теңге шығаруға шамамыз жетпей жатыр дейді. Қыста жаураған жұрт амалдың жоқтығынан өздері ақша жинап өз қаражаттарына насос қондырғысын орнатқан.

МАРЖАН МУКЕШОВА, ТҰРҒЫН:

16 жылға ипотакаға алдық бәріміз. Насосты өзіміз қойдырдық ЖКХ арқылы. Ай сайын екі мың теңгеден жинаймыз. Мүмкіндігі шектеулі екі балам бар. Ай сайын оңай емес маған, отопление төйлеймін плус келеді маған.

ҚАСЫМЖАН БАЙКҮШІКОВ, ТҰРҒЫН:

Үйді берген кезде соққан адамдардан қабылдап алған кезде, жауапты қаланың әкімі, құрылыс бөлімі басқалар қайда қарады деймін да мынаны көріп тұрып. Мұны құрылыстан хабары жоқ адам көрсе де, білінеді мына үйдің жарамайтынын.

Подъездің баспалдағын да сырламай сол сол тесік күйінде бере салыпты. Ал шатырдың су ағары атымен жоқ. Осы қыста жылу құбыры істен шығып, су үй ішіне жайылған көрінеді.

ДАМИР ЖАМАНБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір біз мердігермен ақаулық жұмыстары бойынша анықтағаннан кейін барып хабарлама жібереміз. Он күннің ішінде деп мерзім қоямыз. Екі тұрғын үйдің кепілдік мерзімі 10 жыл қарастырылған. Мердігер өзі, өз қаражаты есебінен қалпына келтіретін болады.

Қалалық әкімдіктен келгендер қалай болса, солай салынған үйдің сапасын көзбен көріп, соққан мердігер жіберген кемшілігін ретке келтіреді деді, Болмаса сотқа бермек.