Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қасиетті орындарды аралауды мақсат еткен «Киелi Қазақстан» экспедициясы жолға шығады

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
2032
Қасиетті орындарды аралауды мақсат еткен «Киелi Қазақстан» экспедициясы жолға шығады

Қасиетті орындарды аралауды мақсат еткен «Киелi Қазақстан» экспедициясы жолға шығады. Бұл туралы Қазақ ұлттық географиялық қоғамының өкілдері айтты. 10 маусымда басталатын экспедициялар циклы 15 күнге созылады.

Алғашқы сапар Ұлытаудан басталып, Арал, Маңғыстау өңіріне бағытталады. Қазақстанның киелі орындарын зерттеу - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы басты міндеттердің бірі. Тұтас Қазақстанды аралап шыққан соң, сапар қорытындысы бойынша киелі жерлердің арнайы атласы жасалады. Ал қазақ даласын мекендеген бүгінде жойылудың алдында тұрған жолбарыс пен құлан Қызыл кітапқа енуі мүмкін. Ұлттық географиялық қоғам басшылары тиісті келісімдер жүріп жатқанын айтты.

Қанат Байғарин, «QAZAQ Geography» басқарма кеңесінің төрағасы: 

Тұран жолбарыстарын қайта жерсіндіру бойынша арнайы бағдарлама Үкіметте қаралып жатыр. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен тиісті келіссөздер жүргізілді. Олар бұл құжатты қолдайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жобаны жүзеге асыру бойынша келісімдерді әзірлеп жатыр.