$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Енді легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді

AstanaTV
29.01.2025ж. 18:48
167
Енді легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді

Мәжіліс Заң жобасын мақұлдады. Легионерлерге мемлекеттен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма енгізілді.

Бұл Президенттің мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатын көздейді.

Мәжіліс баспасөз қызметінің ақпаратынша, сонымен қатар, физикалық мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет көрсету мүмкіндігі беріледі және осы қызметтен түскен табысты бюджет заңнамасына сәйкес пайдалануға болады.