Танымал әнші Ернар Айдар өткен айда өмірден өткен әкесіне естелік арнап, жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші арнауында бүкіл ісін әкесімен ақылдасатынын айтып өтті.
«Жаным Әке... Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің, артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді.
«Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» дейтін. Әке, маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласамын, кіммен ақылдасамын, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанамын, кімге?» - деп ішіндегі сағынышын жеткізді.
Желі қолданушылары әншіге басу айтты.
«Ардақты әкеңіздің жаны жәннатта болсын», «Алла панасына алсын бауырым! Әкеден айырылу өте қиын!», «Бекем бол! Алла жұмақтан орын берген болсын», - деп жазды желі қолданушылары.