Өзбекстанның Ташкент қаласында ер адам әйел мен оның баласын пышақтап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ташкенттегі ауруханалардың біріне 31 жастағы әйел мен оның 12 жастағы баласы ауыр халде жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігердің айтуынша, күдікті науқастардың бастарын тесуге әрекеттенген. Сонымен қатар иығы мен кеуделеріне пышақ сұққан. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген науқастарға бірден ота жасалды.
Мәліметтерге сүйенсек, жәбірленушіге үйдегі жақын туысы пышақ сұққан. Ал науқастарды ауруханаға көршілері жеткізген. Әйелдің жағдайы жақсы екен. Ал ұлы ауыр жағдайда. Ол реанимацияда қажетті ем қабылдап жатыр.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдиновтың айтуынша, ана мен баланы пышақтаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.