Оралда құрылыс жүріп жатқан тұрғын үйден кірпіш құлап, жанынан өтіп бара жатқан адамға тиген. Бұл туралы «Орал апталығы» басылымы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Молдағұлова көшесінде болды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем жеткенше ер адам қайтыс болып кеткен. Дәрігерлер тек өлімді тіркеген. Марқұм шамамен 60-65 жаста.
«Құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш биіктен құлап, жақын маңдағы адамға тиді. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.