$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

AstanaTV
30.01.2025ж. 13:42
96
Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді. Осылайша, ел тұрғындары 3 күн қатарынан демалу мүмкіндігіне ие болады, – деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Мамандар жаңа жүйе наурыз-сәуір айларында басталатынын мәлімдеді. Ол үшін азаматтар жұмыс берушімен келісе отырып, күніне он сағат жұмыс істеу кестесіне көшеді. Осылайша, аптасына 40 сағат жұмыс істейді.

Бұл жеңілдікті ең алдымен кішкентай балалары бар әйелдер, университетте оқып жүріп жұмыс істейтін жастар және мүгедектегі бар адамдар пайдалана алады.

Жаңа жүйенің ерекшелігі бір жұмыста аптасына 4 күн істейтін адам мен 5 күн істейтін адамның жалақылары бірдей болады.

Мамандардың пікірінше, бұл жүйе адамдардың жұмысқа ынтасын арттырып, отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.