Астанада мүмкіндігі шектеулі баланың құқығын бұзған әуе компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлады Orda.kz.
Бас көлік прокуратурасы мәліметінше оқиға өткен жылдың 3 қарашасында болған. Санкт-Петербордан ұшатын ұшақ жерге қонғаннан кейін балаға мүгедектер арбасын бермеген. Ұзақ күткеннен кейін әкесі баланы ұшақтан алып шықты.
«Әуе компаниясы кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсете алмады. Қызметтің уақытылы көрсетілмеуіне авиакомпания қызметкерлерінің мүгедектер арбасының қажеттілігі туралы қате хабарламасы себеп болды», - делінген хабарламада.
Прокуратураның хабарламасына сәйкес, әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодекстің 571-бабына сәйкес, халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу 50 АЕК – 196 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қадағалау органы қай авиакомпанияның бұзушылыққа жол бергенін нақтыламады.