Әлеуметтік желілерде жаңа тренд тарады, деп хабарлайды Astana TV.
Оқырмандар жасанды интеллект арқылы фотосессия жасап жатыр.
Жасанды интеллект суреттерді өңдеп қана қоймай, бұрын мүмкін болмаған кадрларды да жасай алады. Instagram мен TikTok қолданушылары нәтижелерімен белсенді түрде бөлісуде. Егер бір ай бұрын фотоны «тірілту» танымал болса, қазір ЖИ көмегімен толыққанды фотосессия жасау трендке айналды.
Алайда, жаңа технологияларды алаяқтар өз әрекеттерін жүзеге асыруға пайдалануда. ҚР ІІМ жасанды интеллект пен мақсатты жарнама арқылы алаяқтық жасау қаупі туралы ескертеді. Яғни, кибералаяқтар танымал тұлғалардың фото немесе видеоларын жасанды интеллект арқылы бұрмалап, халықты алдайды.