$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соғысып, өзенге құлады

30.01.2025ж. 20:00
178
Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соғысып, өзенге құлады

Тағы да ұшақ апаты. АҚШ-та жолаушылар ұшағы тікұшақпен соғысып, өзенге құлады. Бортта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Әзірге Потомак өзенінен 18 адамның денесі табылды. Ал аман қалған адам саны –төртеу. Әуе кемесінде қазақстандықтар бар ма? Толығырақ Аружан Задабек баяндайды. Эфирде «Жер-жаһан» айдары. 

АҚШ-та жолаушылар ұшағы дәл Вашингтон қаласының жанында тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады. Әуе кемесі Канзас штатының Вичита қаласынан ұшып шыққан. Жолаушылар ұшағында 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер болған. Кей ақпараттарда борт ішінде мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлері болуы мүмкін деген дерек тарады.

ПИТ ХЕГСЕТ, АҚШ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Адамдарды іздеу шаралары жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жұмысты жедел бастады.

«Эрминия» дауылы Еуропа елдерін әбігерге салды. Испанияда 13 мың отбасы жарықсыз қалған. Мұнда жел сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан. Ал, Франция мен Италия су тасқынымен алысып әлек. Бірнеше қала су астында қалған. Қазір тұрғындар эвакуацияланды. 

Нөсерлеп жауған жаңбырдан көшелер мен жер асты жолдары суға толып, салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Қолайсыз ауа-райы әлі бірнеше күнге созылады дейді синоптиктер. Сондықтан тұрғындарға барынша сақ болуды ескертті. 

Түркия 4 күндік жұмыс аптасына көшеді. Енді түрік жұрты 3 күн қатарынан демалады. Бірақ ол үшін қызметкерлер күніне 10 сағатты жұмыста өткізуі тиіс. Сонда бір аптада 40 сағат қызметте болады. Бұл жеңілдікті ең алдымен кішкентай балалары бар әйелдер, университетте оқып жүріп жұмыс істейтін жастар және мүгедектегі бар адамдар пайдалана алады.