Түркістан облысы арқылы Өзбекстанға жанармайды заңсыз тасымалдағандар анықталды. Өйткені көрші елде бензин мен дизель отыны едәуір қымбат. Осыны пайдаланғандардың кейбірі жанармайды жерасты тоннелі арқылы шекара асырып отырған. Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында қылмыстық топ мүшелері 450 метрлік тоннель қазу арқылы бензин мен дизель отынын саудалап келген. Қазір осы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
САБЫР АМАНБАЙ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Бұл бойынша қазір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталып, қазіргі таңда сол 197 баптың Қылмыстық кодекс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҰҚК Шекара қызметімен бірлескен осындай бұйрықтар негізінде жұмыстар жалғасып жатыр.