Елордада белсенділер суық күнде коммуналдық қызметкерлердің бойын жылытып, қол ұшын созды. "AMANAT" партиясы бастаған игі шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтті. Онда еріктілер жұмысшыларға ыстық дәм таратып, қар күреуге көмектесті. Шай толы термостардағы QR код арқылы қызметкерлер кез келген шағымын онлайн жеткізе алады. Аталмыш экоакция әлі де жалғасады.
САНИРА ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Жасыл аймақ", "ҚТЖ", "Қаз пошта", "Тасты", сондай бізде 43 бастаушы ұйымы бар. Бәрі бірден бүгін шығып, бірлесе қар тазалайтын болады. Жыл бойы біз полигон свалкаларын тазалаған болатынбыз, қазіргі таңда енді, қысқы тұрымда қар тазалап жатырмыз. Біздің коммуналдық қызметкерлерді тоспай өзіміз күрек алып, өзіміз үлгі көрсетейік. Тазалық өзімізден басталады.
Ал Павлодарда мектеп оқушылары құстарға арнап ұя жасады. Оны ағаш басына іліп, ішіне толтыра дән салды. Сондай-ақ балаларға аймақтағы экологтар табиғатты қорғау тақырыбында дәріс өткізді. Онда қоршаған ортаны ластамау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғаттың бір бөлшегі болып саналатын аң, құсқа қамқорлық жасау жайы айтылды.
МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алда да осы жұмыс жалғасып, басқа да мектептерге баратын боламыз. Біздің негізгі приципіміз қоқыс жиналған жер емес, қоқыс тасталмаған жер таза демекші осы приципті балаларға түсіндіру және олармен жұмыс жасау.