$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Қызы ескерткіш астында қалған атыраулық азамат кінәлілердің жазалануын талап етеді

30.01.2025ж. 20:00
108
Қызы ескерткіш астында қалған атыраулық азамат кінәлілердің жазалануын талап етеді

Атырауда ескерткіштің астына қалып қайтыс болған қыздың ата-анасы әділдік іздеп жүр. Тергеу дұрыс жүріп, кінәлілер жазасын алсын дейді. 

Айдос Сабыров сол қайғылы кешті еске алған сайын қиналады. «Жеңіс» саябағына ұл-қызымен алаңсыз қыдырып шыққан отбасы өміріміз бір сәтте астан-кестен болды,- дейді.

АЙДОС САБЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

371 баппен бұл жерде жауапкершілік жоқ, салғырттық көріп тұрмын халыққа деген. +Қоғамдық жер. 80-90 пайызы жас балалар жүреді, отбасылы адамдар мына жерде. Мысалы камеранің өзі істемейді, істейді бірақ осындай іске қатысты болған кезде істемей қалады.

Сол күннен кейін 8 жасар ұлы түнімен шошып оянатын көрінеді. Өзінің омыртқасы мен қабырғасы, тізесі сынып, әрең бой көтердік,- дейді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын. Адвокаттың айтуынша, монументтік өнер құрылысын орнатудың ережесі мен қағидасы талаптары орындалмаған.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған қылмыстық іске қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, тараптар материалдармен танысуда. Содан соң жинақталған іс құжаттары сотқа жолданатын болады.

АЙБАР ҚОСЫМБАЕВ, АДВОКАТ:

Қылмыстық іс тек қана осы монументтерді орнатқан тұлғаға қатысты қозғалып, ол аяқталды. Басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істің қозғалғаны туралы бізде мәлімет жоқ. Монументтерді орнатуға ұсыныс білдірген тұлға осы монументтерді орнату туралы шешім қабылданды ма, қабылданған жоқ па, оның ешқайсысы анықталмаған

Ескерткіш 2020 жылы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында орнатылған. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, батырлар мүсінін қоюға демеушілердің ұсынысы түрткі болыпты.

ЕРЖАН ЕРМҰХАНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оралда жасатып, кәсіпкер демеушілер өздерінің тарапынан сондай ұсыныс беріп, сол кезде қондыртқан. Құзырлы органдар сол мәселеге қатысты егжей-тегжей тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір ескерткіштер қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансына өткен. Оқиғадан соң батырлар мүсініне қоршау қойыпты. Салынғанына 5 жыл болмаса да, ескерткіш астындағы тас төсемдер опырылып жатыр.