Оралда салынып жатқан ғимараттың қасынан өтіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлады. 68 жастағы зейнеткер сол жерде тіл тартпай кеткен. Қайғылы оқиғаға құрылыстағы қауіпсіздік ережелері бұзылуы себеп деген күдікпен полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір ғимаратта құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бұл жағдайдан кейін қаладағы құрылыс нысандары жаппай тексерілмек.
ДИНАРА НҰРСҰЛТАНОВА, ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Облыстық прокуратурамен, соның ішінде Орал қаласының прокуратурасымен және бұл саладағы уәкілетті орган мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына осындай қала бойынша барлық құрылыс объектілерін тексеріп, ревизия жүргізу туралы хат жолданатын болады тиісті түрде.
Кінәліге бұл бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Таза ауада серуендеймін деп оқыста құрбан болған марқұм ертең жер қойнына тапсырылады. Ал тұрғындар салынып жатқан ғимараттың қасынан жүруге үрейленіп қалғанын айтады.
ТҰРҒЫН:
Қауіпті жер. Алдағы уақытта осы жерден өтпеймін деп айта аламын. Енді барлығы көрді ғой бұл жағдайды. Барлығы да жүруге қорқатын шығар осы жағдайдан кейін.