$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Қарағанды облысы Доскей ауылында Мәдениет үйі ашылды

30.01.2025ж. 20:00
85
Қарағанды облысы Доскей ауылында Мәдениет үйі ашылды

Қарағанды облысы Доскей ауылында Мәдениет үйі ашылды. Әлеуметтік нысан «АМАNAТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында салынды. Құрылыс жұмыстары кезінде арнайы партиялық бақылау бекеті жұмыс істеді. Заманауи кешен қазірдің өзінде тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Ересектер де, балалар да риза. Алдағы уақытта мәдениет үйінде бүлдіршіндерге арналған танымдық үйірмелер ашылады. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осыған дейінгі кездесулерде Доскей ауылы тұрғындарының басым көпшілігі мәдениет ошағының жоқтығы ол өңірдегі жастардың, азаматтардың шоғырлануына және талантты азаматтардың танылуына үлкен қол байлап отырғандығы жөнінде бірнеше рет өтініш түскен болатын. Бұл енді таланттардың танылатын жұлдызын жағатын жақсы мәдениет ошағына айналатынына сенімдімін.