$519.28 €540.05 ₽5.31
×

"Ресеймен тығыз қарым-қатынасты қолдауымыз керек" , - сарапшы

30.01.2025ж. 20:00
81
"Ресеймен тығыз қарым-қатынасты қолдауымыз керек" , - сарапшы

"Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз". Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин елдер арасындағы байланысты ерекше бағалайтынын айтты. Астанада Қазақстан және Ресей үкіметтерінің төрағалары кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Кездесуде көптеген бағыт пен саладағы ынтымақтастық және өзара іс қимылды нығайту жоспарлары қаралды. Екі мемлекет басшыларының тауар айналымын $30 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі уағдаластықтарына қол жеткізу мақсатында тасымалданатын тауарлар аталымын кеңейту маңызды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын.

Өз кезегінде Михаил Мишустин Қазақстан тасымалдау саласында Еуразияның нағыз жолайырығына айналатынын, осы бағытта қос тарап Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамытуға баса мән беретінін айтты.

МИХАИЛ МИШУСТИН, РФ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Қазақстанда өнеркәсіп, энергетика, транспорттық-логистикалық инфрақұрылым бағыттарындағы стратегиялық жобалар сәтті орындалуда.

Солтүстік-Оңтүстік дәлізі Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырып, әрі қарай Орталық Азияға жол ашады. Осы орайда жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салынуда.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Су көлігі саласында да біраз ынтымақтастығымыз бар. Осы көліктің дәліздің шеңберінде мына келе жатқан, Ресейден келе жатқан жүктер Ақтау және Құрық порттарын қолдану. Соның шеңберінде біздің өзіміздің порттарды тереңдету жұмыстарын жүргіздік. Және қазір РФ-мен келісіп отырмыз, бұлар өз аумағында, Махачкалада осындай Тереңдету жұмыстарын жүргізу бойынша.

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың 11 айында арадағы сауда көлемі $24,2 млрд-қа жетті. Одан бөлек былтыр 10 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5 процентке өсіп, $3,2 млрд-тан асты. Өнеркәсіп кооперациясы саласында бүгінгі таңда $18,6 млрд-қа қазақ-ресейлік 99 жоба іске асырылды.

ДОСЫМ БЕСБАЙ, EPG ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ресей біздің ірі сауда серіктесіміз болғандықтан арадағы тығыз қарым-қатынасты сақтау маңызды. Оған қоса Қазақстан тарапының, әсіресе өнімін Ресей аумағында саудалағысы келетін өндірісшілеріміздің қызығушылығын мұқият ескеруіміз қажет. Бұл экспорт, өнім көлемін арттыру және сауданы кеңейтуде екі жаққа да пайдалы.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға және барлық бағыт бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

САУДА КӨЛЕМІ - $24,2 МЛРД

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ - $3,2 МЛРД

ӨНЕРКӘСІП КООПЕРАЦИЯСЫ - $18,6 МЛРД