$519.28 €540.05 ₽5.31
×

"Парацетамол ішкен адам алты күннен кейін ажал құшады"-фейк

30.01.2025ж. 20:00
84
"Парацетамол ішкен адам алты күннен кейін ажал құшады"-фейк

Израильде шығарылған улы парацетамол Қазақстаннан бір-ақ шықты. Оны ішкен адам алты күннен кейін ажал құшады. Себебі оның құрамында өте қауіпті мачупо вирусы бар. КСМ: Әлеуметтік желіде осындай бейнероликтер тарады. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жалған ақпарат екенін айтады. Елімізде парацетамолдың 500 мыңнан астам орамасы бар, құрамына байланысты мәселе туындамаған. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жазып берсе ішемін, жазбаяқ та іше береміз. Ауырсыну сезінбеймін.
- Температура көтерілгенде парацетамол береміз. Парацетамол ұнайды
- Дәрігер жазып берген соң қабылдаймыз. Тек ауырғанда ішеміз.

Қазақстанға працетамол Россия мен Беларуссиядан импортталады. Мамандар кез-келген препаратты тек дәріханадан сатып алуға кеңес береді. Олар алдымен зерттеуден өткізіліп, заңды түрде регламент жасалады.

ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ҚР ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР БАСШЫСЫ:

Қай дәрілерге күмәндану керек. Заңсыз сатылатындар. Оны қалай ажыратуға болады? Оның қазақша аудармасы жоқ, орысша аудармасы жоқ. Қазақстандық тіркеуі жоқ. Дәріханадан емес социальный сеть, складтан, басқа жақтан алатын болсаңыз, соларға күманданыңыз. Сол денсаулыққа зиян. Оны ішпеу керек, адам уланады.