Елімізде былтыр жол-көлік апаты салдарынан 2 жарым мың адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға себеп көп. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, ережеге бағынбау, мас күйде рөлге отыру. Сондықтан жүргізуші куәлігін беру жүйесіне қатаң өзгеріс керек дейді депутаттар.
Көріп тұрғандарыңыздай қар күрейтін көліктер тізбектеліп келе жатыр. Артында ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Осы қар тазалайтын көліктер жол қозғалысына ылғи кедергі келтіреді. Асыққан жүргізушілер олардан озу үшін кейде ережені бұзып жатады. Мен де бүгін жұмысқа асығып бара жатырмын. Бір жолға ереже бұзсам ештеңе етпес.
Мен секілді жол жүру ережесін бұзғандар бір тығырықтан шығамын деп, екіншісіне тіреледі. Тізілген ауыр көліктерді басып озамын деп жылдамдықты арттырып, айыппұл арқалайды. Жол апатына ұшырағандар қанша!!!
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жол патрульдар сопровождать етсе жақсы соларды. Сонда тәртіп болады. Ал былай өз бетімен жүрген уақытта кептеліс болып қалады енді. Реттей алмай қалады.
- Баяу жүріп қалатын кездер болады. Әсіресе жұмыстан қайтқанда. Алайда тазалағаны дұрыс. Бізде айтарлықтай кептеліс те жоқ ғой.
- Жүремін енді артынан амал жоқ не істейсің басқа. Олардың да жұмысы ғой. Көшені тазаламаса тағы болмайды.
Былай тартса, өгіз өледі, былай тартса арба сынадының кері келіп тұр. Тазаламаса тағы болмайды. Тазаласа көліктер жолға сыймай жатыр. Жалпы жол ережесі тек ауыр техникалардың туындатқан кептелісінен бұзылып жатқан жоқ. Қазір жүргізуші куәлігін оқымай алғандар да жол апатына себеп болуда.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Правиланы білмейтіндер толып жатыр. Знакқа қарамайды да кейбіреулер. Жиі болып жатыр ғой ДТП деген. Соның барлығы оқымағандық, сатып алғанның кесірі ғой.
- Біздің кезімізде біз 6 ай оқығанбыз праваны. Қазір бір айда оқиды деген өтірік. Одан ереже бұзылады сосын.
Депутат Данабек Исабеков жылдамдықты шамадан тыс арттыру, мас күйінде рөлге отыру және ережені өз деңгейінде сақтамай көлік жүргізу салдарынан жол апаты жиі болады дейді. Сондықтан жүргізуші куәлігін беру жүйесіне қатаң өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
ДАНАБЕК ИСАБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Автомектептерге лицензия беруді қарастырып, олардың жауапкершілігін арттыру керек. Мәселен жыл көлемінде белгілі бір автомектепті бітірген жүргізушілер көп рет жолда жүру ережесін бұзса, ондай орталықтың лицензиясын кері алу тетігін реттеу керек.
Депутаттың айтуынша, әлемде жыл сайын 1 млн-нан аса адам жол апатынан көз жұмады. Қазақстандағы көрсеткіш те жоғары. Елімізде былтыр 31 500 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 2579 адам қайтыс болды.
«Бәрін айтта, бірін айт» біздегі жол қозғалысы осындай. Жолда жүру ережесін асығып-аптыққандар да, куәлігін оңай олжалағандар да бұзып жатыр.
Әлемде жол апатынан 1,19 млн адам көз жұмады
Жол көлік оқиғасы 31 500
2579 адам қайтыс болды