Бүгіннен бастап бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Енді бағаны нарық реттейді. Бензин құнында өзгеріс бар ма? Жанармай бекеттеріндегі жағдайды аймақтағы әріптестер білді.
МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Бензин бағасы қымбаттайды дегенді естіген жұрт шулап жатыр. Онсыз да қымбатшылық қысып тұрғанда, бұл жаңалықтың көпшілікке ұнай қоймағаны анық. Қазір қаладағы жанармай құю бекеттерінің біріндеміз. Мұнда АИ-92 маркалы бензин бағасы - 205 теңге. АИ 95-265 теңгеден, АИ 98- 297 теңгеден сатылып жатыр.
Әзірге бағада еш өзгеріс жоқ. Бұған дейін жауаптылар алдағы бірнеше күнде жанармай құны 4-5 теңгеге қымбаттайтынын жеткізген еді. Бірақ тұрғындар баға бұдан да жоғары болады деп пайымдайды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- 250-270 қылдырып жіберетін шығар. Онсыз да барлығы қымбат. Газ бәрі қымбаттап жатыр қазір.
- Таксовкада жүретіндерге қатты сезіледі ғой ол нәрсе. Күніне 7000-8000 тг бензин жағады.
Энергетика министрлігі бүгінде Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең арзан бағалардың қатарында екенін мәлімдеді. Ал бұл ішкі нарықта жанармай тапшылығын тудырады. Енді жанармай бағасы сұранысқа, өндіріс пен тасымалдау шығындарына негізделеді. Сондай-ақ жазда тауарлық газ құны да өседі.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Егер жанармай құю бекеттеріне шектен тыс монополиялық кіріс түсе бастаса, монополияға қарсы агенттік кез келген уақытта тергеуді бастай алады. Біздің болжамдарымыз бойынша, ақпандағы алғашқы өсім 5 теңгеден аспайды. Алдағы уақытта баға қалай құбылатыны әзірге белгісіз.
МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Бензин бағасын негізсіз көтерген жанармай бекеттеріне айыппұл салынады. Бұл жағдайда мемлекет бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті іс-шараларды қабылдайды. Өңірлерде жағармай құнында өзгеріс бар ма? Қызылжарлық әріптесім Абзал Құрманкин жалғастырады.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Мөлдір, Қызылжарда да жанармай бағасында әзірге өзгеріс жоқ. Солтүстік Қазақстан облысында сұйық отын сататын 5 ірі оператор бар. Бүгінде олардың барлығы бағаны бірқалыпты ұстап отыр. КСМ Аи 92 маркалы бензин 205 теңге болса, аи 95 маркалы өнімнің бағасы әртүрлі. Себебі, жанармай станциялары оны ішкі зауыттардан ғана емес, сырттан да таситын көрінеді. Ал жергілікті билік өкілдері бағаның қашан және қаншаға шарықтайтынын дөп басып айта алмайды. Себебі, жергілікті кәсіпорындар мұнай өңдеу зауыттарына тәуелді.
СҚО ӘКІМДІГІ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Солтүстік Қазақстан облысында мұнай өнімдері кедергісіз сатылып жатыр. Шикізаттың қоры жеткілікті. АИ-92 маркалы бензин 15 күнге, АИ-95 29 күнге, ал дизельдік отын 17 күнге жетеді. Жанармай көлемін бақылау және оны реттеу бойынша өңірде жедел штаб құрылды. Бағаны негізсіз өсіру жоспарда жоқ.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Теріскейдегі тасымалдау компаниялары бүгіннен бастап сұйық отын бағасын аңдуға көшкен. Себебі, баға тым аспандаған жағдайда, олар қызмет құнын өсірмекші. Ал Айдана, сендерде жағдай қалай?
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Рақмет, Абзал. Әзірге Алматыда жанармай бекеттеріндегі тақтайшаларда бұрынғы бағалар жазылған. Дегенмен, кейбір жерлерде бензин құны мүлдем көрсетілмей тұр. Соған қарағанда, жанармай желілері мен жекеленген бекеттер жаңа баға қоюға дайындықты бастап кеткен сияқты.
Бензин мен сұйытылған газ қымбаттайды дегенді естіген жұртта ес жоқ. Көлік жүргізушілері «Онсыз да айына кемінде 120 мың теңгеге бензин құямыз, енді қанша теңгеге дейін шарықтайды?» - деп дабыл қағып отыр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Тапқан ақшамның жартысын бензинға берем. Мен данный момент 5 мың теңгеге құйып, екі күн жүрсем, уже біршама қосылып қалады ғой, 7 мың теңгеге ма 8 мың
- Осы машинама мысалы полный бак 18 мың теңге. 18 мың теңге бір аптаға жетеді ол бізде. Екінші машина бар, ол да мысалы 10 мың теңге. Оңай емес ол шын айтсам.
- Ертең газ қымбаттайды, солярка қымбаттайды. Қазір жүргендер мысалы жолаушы тасымалдап жүргендер көп. Такси ғой енді. Олар қалай күн көреді?
Сарапшылар соңғы жылдары бағаның тұрақсыздығы белең алып кеткенін атап өтті. Экономист Бекнұр Қисықов жанаржағар май құнының өсуі әр салаға, әр қызметке ықпал етпей қоймады дейді.
БЕКНҰР ҚИСЫҚОВ, ЭКОНОМИСТ:
Біз арзан баға үшін қаланың бір шетінен бір шетіне барамыз. Оның бәрі пробка, оның бәріне тағы бензин кетеді. Менің өзімнің бір ұсынысым егер осы бензиннің бағасы өсіп жатса, мына азық-түлік өндіретін және дәрігерлік, яғни здравоохранение медицина денсаулық саласына сол жағына бензинді баяғы бағамен қалдыру керек, я оларға субсидия жасау керек.
САЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Алматыдағы ахуал алдағы күндері өзгеретіні анық. Өңірдегі жанармайдың бағасы нақты қаншаға көтерілетінін ешкім әзір айта алмайды.