Қызылжарда “AMANAT” партиясының мүшелері “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында жалғызбасты кейуананың ауласын қардан тазалады. Игі бастамаға жергілікті университеттің студенттері атсалысты. Жалпы, былтырдан бері өңір еріктілері 500ден астам шара ұйымдастырған. Аула тазалаудан бөлек, жастар зейнеткерлерге дәрі-дәрмек жеткізіп отырады. Акция аясында 2500-ға жуық қарияға көмек көрсетілді.
БЕКЗАТ ЛАТЫПОВА, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Осындай іс-шараларды біз өте жиі өткіземіз және оған жастарды баулимыз. Бүгін бізде осы жерде университеттің студенттері жалғыз басты әжемізге көмектесуде. Және қалған жастарды осындай акцияға қатысуға шақырамыз.
Таразда да "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері жалғызбасты қарттың үйіне келіп, барлығы бір кісідей жұмылып, ауласын тазартып, үй ішін тазалады. Жасы 80-ге таяған қария топ болып тыңғылықты тірлікті тындырған жастарға дән риза. Белсенділер аймақтағы 80-ге жуық жалғыз тұрып жатқан тыл ардагерлеріне көмек қолын созбақ.
МЕРЕЙ ЖОЛДАСБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
Кезекті «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізіп жатырмыз. Жастар рухы жастар қанатының белсенділері қол ұшын созуда. Осы акцияны аптасына бір рет өткіземіз. Қарт кісі, жалғыз ілікті апалардың үйлеріне келіп көмектесеміз. Яғни бұл бізде төрт маусымда да өткізіледі.