$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Алматыда бір топ жасөспірім жабылып, қызды аяусыз соққыға жыққан

AstanaTV
30.01.2025ж. 17:41
210
Алматыда бір топ жасөспірім жабылып, қызды аяусыз соққыға жыққан

Алматының Жетісу ауданындағы мұз айдынында бір топ жасөспірім жабылып, қызды соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді.

"Жанжалдасып қалған екі жасөспірім қыздың да ата-анасы бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Видеода жасөспірімдердің жерде жатқан қызды ұрып-соғып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желілерде осы оқиғадан кейін қыздың көп жарақат алып, ауруханаға жатқызылғаны айтылған. Оның қабырғалары сынып, миы шайқалған және брекеті де сынған көрінеді.