2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.
30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.