Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осылайша, туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуекомпаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Қазіргі уақытта Алматы – Дели бағытында Air Astana және IndiGo әуекомпаниялары аптасына 7 рейс орындайды, Алматы – Гоа бағытында SCAT – 2 рейс және Астана – Гоа бағыттарында Fly Arystan – 2 рейс тұрақты әуеқатынасы жүзеге асырылады.
Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.