$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

AstanaTV
30.01.2025ж. 22:41
110
Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Абай облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

- «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

ШҚО:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы

- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.