$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Орал көшесінде зейнеткер басына кірпіш құлап мерт болды

AstanaTV
31.01.2025ж. 00:18
100
Орал көшесінде зейнеткер басына кірпіш құлап мерт болды

Оралда көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлады. Жетпіске таяған зейнеткер ауыр соққыдан сол жерде мерт болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Әлия Молдағұлова көшесінің бойында салынып жатқан тоғыз қабатты жаңа үйдің маңында болды. Құрылыс аумағы дәл тротуарға тиіп тұр, тек қаңылтырмен жан-жағын қоршап қойған. Адам өтетін тұсында қауіпсіздік үшін күнқағар салған, бірақ онысы да жұқа қаңылтыр. Төбеден құлаған кірпіш оның да тас-талқанын шығарды.

Куәгерлер алғашқыда 69 жастағы қарт тек жарақат алған болар деп ойлапты. Дереу жедел жәрдем де шақырған, бірақ оқиға орнына келген бригада зейнеткердің тіл тартпай кеткенін айтады. Қазір құрылыстағы қауіпсіздіктікті сақтамағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Әлима Ғарифуллина.

Айта кетейік, Оралда дәл осындай жағдай бір жыл бұрын да болған еді. Ол кезде басына кірпіш түскен әйел қаза тапқан.