$516.01 €582.47 ₽6.26
×

“Кальмар ойыны“ сериалының соңғы маусымы қашан шығатыны белгілі болды

AstanaTV
31.01.2025ж. 06:40
353
“Кальмар ойыны“ сериалының соңғы маусымы қашан шығатыны белгілі болды

Netflix танымал "Кальмар ойыны" сериалының соңғы маусымының шығу күнін ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Netflix-тің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында "Кальмар ойынының" соңғы маусымы 27 маусымда шығады.

"Сізді "Кальмар ойынының" соңғы маусымына ештеңе дайындай алмайды. Үшінші маусымның премьерасы - 27 маусым", - делінген жазбада.

Жақында шыққан "Кальмар ойынының" екінші маусымы нағыз феномен болды, ол Netflix-тегі премьерасынан кейінгі алғашқы төрт күнде 68 миллион қаралым жинап, рекорд орнатты.