$519.28 €540.05 ₽5.31
×

"Экономиканы әртараптандыру және цифрландыру қажет" - депутат

AstanaTV
31.01.2025ж. 12:55
86
"Экономиканы әртараптандыру және цифрландыру қажет" - депутат

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының отырысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Депутат Нұртай Сабильянов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары негізінде экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды.  

_«Инвесторларға тең жағдай жасалып, қолдау көрсетілуі қажет. Мемлекет қолдауына ие болған әрбір компания қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тиіс. Бұл ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Президент қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру және бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу туралы тапсырма берді. Қазіргі таңда осы салада 5 ақпараттық жүйе жұмыс жасауда. Құрылыс кодексінің жобасын қарау барысында бірыңғай ақпараттық жүйе құру мәселесі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе қарастырылып, тиісті заңнамалық шешімдер қабылданатын болады»_ , – деді ол.