Атырауда “Таза Қазақстан: Жасыл балабақша” тақырыбында облыстық семинар өтті. Бала жастан қоршаған ортаға деген құрметін арттырып, табиғатқа жанашырлығын ояту мақсат еткен тәрбиешілер бүлдіршіндермен бірге түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. Сондай шығармашылық жобаларын ортаға салып, әріптестерімен бөлісті. Адами қасиеттердің негізі қаланатын мектепке дейінгі кезеңде балаларды табиғатпен тереңірек таныстырудың маңызы ерекше,- дейді. Тәрбиешілер алты авторлық жоба қорғады.
ПЕРИЗАТ ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ, ПЕДАГОГ-ТӘРБИЕШІ:
Суреттерді жапсыру арқылы ойынды, қоқыс сұрыпталатынын, сұрыпталмайтыны, +қоқыстардың қанша жылда ыдырайтындығы, қайда салыну керектігі туралы кішкене болсын балаларға ойын арқылы үйрету болып табылады.