$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Оралда қоқыс жәшігінен табылған иттердің өлексесі дау туғызды

31.01.2025ж. 20:00
474
Оралда қоқыс жәшігінен табылған иттердің өлексесі дау туғызды

Оралда қоқыс жәшігінен табылған иттердің өлексесі елдің үрейін ұшырды. Желіге жүктелген жазбада әлдебір қаскөйлердің қорғансыз жануарларды атып өлтіріп, қоқыс жәшігіне лақтырып кеткені айтылады. Даулы видеодан кейін полиция тексеру жүргізіп, табылған өлексеге сараптама жасаған. Ал ветеринариялық станса өкілдерінің айтуынша, қалада ит атып жүрген ешкім жоқ. Сондықтан елді шулатып, көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан арандатушы жазалануы тиіс. Бірақ видео авторының кім екені белгісіз. 

ЕРЛАН ИЩАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯ ДИРЕКТОРЫ:

 Ол баяғыда өліп қалған ит екен. Оны контейнерге апарып лақтырып тастаған. Мусорға тастауға болмайды өлген иттерді. Арнайы орындар бар, мал қорымы. Соған апарып тастау керек. Неше түрлі ауруларды таратуы мүмкін ғой, мал моласына тастап сол жерде иттер өртеліп, жойылады.