$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жемқорлар елден шығарылмауы мүмкін

31.01.2025ж. 20:00
209
Жемқорлар елден шығарылмауы мүмкін

Қолда барда қонышынан басып, қазына қаржысын талан-таражға салғандар енді елден шығарылмауы мүмкін. {КСМ} Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты. Қазір бұл мәселені талқылау жұмыстары жүргізілуде. Оған бүкіл мемлекеттік органдар мен депутаттар қатысады. Егер қолдау тапса, заңды күшіне енеді. 

ДАНИЯР БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Бұл бірінші рет көтеріліп жатқан сұрақ емес, бұл бізде баяғыдан бері талқылануда. Бұл бастама бұрыннан бері қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тиісті ұсыныстар бар.