$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Павлодарда мүгедек жанды зорлаған қылмыскер 5 жылға сотталды

31.01.2025ж. 20:00
87
Павлодарда мүгедек жанды зорлаған  қылмыскер 5 жылға сотталды

Павлодарда мүгедек адамды зорлаған қылмыскер 5 жылға сотталды. Ол жарымжан әйелдің дәрменсіздігін пайдаланып, жымысқы ойын жүзеге асырған. Сот барысында ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, жәбірленушінің және басқа да куәгерлердің айғақтарымен айыпталушы кінәлі деп танылды. Сот сараптамасының қорытындысы оның адам зорлағанын растады. Іс жабық түрінде өткендіктен, өзге ақпарат жария етілмеді. 

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жағымды мінезделуін, соттылығының жоқтығын, сотталушының жастығын және асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.