$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Жапония Қазақстанға 8 миллиард доллардан аса инвестиция құяды

31.01.2025ж. 20:00
81
Жапония Қазақстанға 8 миллиард доллардан аса инвестиция құяды

Жапониядан елімізге 8 миллиард доллардан аса инвестиция тартылған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісімен өткен кездесуде айтты. Президент қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланысы артып жатыр дейді. Сондықтан бұл мемлекеттің компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима сауда, энергетика, көлік, білім беру және мәдени-гуманитарлық саладағы жетістіктер туралы талқылады. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз.