Елорда іргесіндегі Қоянды ауылы қар құсауында тұр. Былтыр елдімекенді су шайып, жұртты әбден әбігерге салған болатын. Биыл тағы да солай бола ма деп жұрт елең-алаң. Ал, жауапты әкімдік қауіптің алдын алу бойынша қандай шара жүргізіп жатыр? Толығырақ тілші әңгімесінде.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Бұл -Қоянды ауылындағы үлкен көшелердің бірі. Көріп тұрғандарыңыздай, айналада тау боп үйілген қар. Қыс басталғалы мүлдем сыртқа шығарылмапты. Тұрғындар көктем келіп, күн жылынса елдімекенді тағы су ала ма деп қорқып отыр.
Былтыр бұл үйлер суда қалды. Жыл сайын көктемде әр күніміз уайым мен үрейге толады дейді жұрт.
СӘКЕН СҮЙКІМБАЕВ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көшелердің бәрінен жүре алмай қаламыз көктемде еріген кезде. Адамдарды қойып даже техникаларда жүре алмай қалады. Алдымызда келе жатқан ең боранды күндер. Қазірден бастап қарды шығара бермесек үлгермей қаламыз.
Халық қыстай жауған қар уақытылы шығарылмайды, су арнасын бұруға техника жеткіліксіз дейді.
СӘКЕН ШҮКІРОВ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қыс болса қар жиналмайды. Осындай да қардың бәрін өзіміз жинаймыз. Көршілер бәріміз жиналамыз, ақшаны саламыз. Өзіміз машина жалдаймыз да шығарымыз қардың бәрін.
Ал ауыл әкімінің айтуынша, бір айда 15 540 текше метр қар шығарылған. 10 техника жұмылдырылыпты. Енді тағы 40 техникалық көлік қосылмақ.
БАҚЫТХАН СОЛТАНБАЙ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
Биыл 2024 жылы жазғы уақытта біз 96 труба салып су өткізу трубаларын, 17 км ге жуық арық қазылды. Жалпы ауылды үш жақа бөліп отырмыз. Ауылда 180 км жол бар. Су алатын көшелердің барлығынын қары шығарылады.
Ауылда 5 мыңнан астам үй бар. Былтыр оның 11-і су астында қалған. Биыл елдімекенді судан қорғау үшін ұзындығы 4 200 метр канал қазылыпты.