$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Алматы облысында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31.01.2025ж. 20:00
190
Алматы облысында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматы облысы Түрген ауылында Абыхан Жексембеков атындағы № 59-шы орта мектепте “Құндылықтар: кеше жəне бүгін” тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған ғылыми-тəжірибелік облыстық конференция өтті. “Құндылықтарға тағзым” көрмесі өткізілді. Қазақы оюлар мен ұлттық нақыш өрнектелген киім үлгісіндегі жас домбырашылар меймандарды қарсы алды. Ғылыми конференция екі бөлімнен тұрды. Алғашында оқытушылар ашық сабақ өткізсе, екінші бөлім “Құндылықтар адамның рухани айнасы”  пленарлық отырысына ұласты. Іс-шара Еңбекшіқазақ ауданындағы 84 мектептің басшыларымен бірлесе ұйымдастырылған. 

ШАРА ҚАЛЫҚОВА, №59 А. ЖЕКСЕМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл конференцияның негізгі мақсаты - ол ұлттық құндылық. Кешегі ата-бабамыздың бізге қалдырған мұра қып қалдырған ұлттық құндылығын бүгінгі күні оқушылардың бойына сіңіру.