$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды

31.01.2025ж. 20:00
81
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды

Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Жиында кедергісіз сауданы өркендету, іскерлік ахуалды ілгерілету, туристік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Одақ елдері арасындағы сауданы дамыту және экономикалық интеграцияның мәні мен маңызына тоқталды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сыртқы жағдайларға ұтымды бейімделу мүмкіндігі біздің экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторына айналатынын айтты. Енді Ресей мен Арменияның брокерлері Қазақстан қор нарығына қатыса алады. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы тамыз айында Қырғызстанда өтеді. 

РОМАН ГОЛОВЧЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі отырыс шешімдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешендегі кооперативтік жобаларды қолдау сынды тақырыпқа мұқият қарау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, комиссия еуразиялық көлік дәліздерінің бағыттарына кіретін теміржол, автомобиль және порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды талдау нәтижелеріне тоқталды.