$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз

31.01.2025ж. 20:00
61
Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз

Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз. Ақмола облысы Тайтөбе ауылында осындай атаумен "Таза бейсенбі" акциясы ұйымдастырылды. Онда жиналғандар халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған саябақты қардан тазартты. Шараға партия мүшелері, депутаттар, еріктілер, ауыл тұрғындары қатысты. Сондай-ақ қосымша 5 техника жұмылдырылды. Акцияға қатысушыларға белсенділер ыстық шәй мен бауырсақ таратып, қолдау көрсетті. 

РАҚЫМЖАН СЕЙДАХМЕТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мына ескерткіш саябағын ары қарай күтіп баптау -осы біздің парызымыз. Тазалық деген өздеріңіз білесіздер, ол әр адамға байланысты, ауласынан бастап, көшесі, қала іші басқа саябақтар, соның бәрі осы Таза Қазақстан акциясы аясында жүргізіледі.

ПАРАСАТ ДОСМАҒАНБЕТОВ, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

"Amanat" партиясының бастауымен "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ауылда осындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осындай шаралар көп болсын деймін елімізде.