$518.14 €537.57 ₽5.27
×

"СҚО-да биыл су тасқыны болады",-Қазгидромет

31.01.2025ж. 20:00
68
"СҚО-да биыл су тасқыны болады",-Қазгидромет

Қызылжарда биыл су тасқыны тағы қайталанбақ. Казгидромет мамандары осындай болжам жасады. Бұған бірнеше себеп бар, дейді. Қар көлемі нормадан екі есе артық түскен. Ал топырақ кей жерлерде бір метрге дейін қатып қалған. Сондай-ақ, аймақтағы ірі су қоймалары толып тұр. Бұл факторлар Есілдің тасуына әкелуі мүмкін екенін айтады. Төтенше жағдайлар демартаментінің ақпаратынша, 116 ауылға қауіп төніп бар. 

ДӘУРЕН ҚОСШЫҒҰЛОВ, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Сергеев су қоймасы бүгінде 101 пайызға толық. Көктемде бұл нысаннан 1.7 миллиардан 2.8 миллиард текше метрге дейін су өтеді деп күтілуде. Қалыпты көлемі не бары 1.3миллиард текше метр. Біз ақпанның 15-нен бастап бес күн сайын қар көлемін тексеріп отырамыз. Тасқын жөніндегі нақты болжамды Наурыз айында жариялаймыз.

Ал су басу қаупі орташа өңірлер қатарындағы Атырауда тасқынның алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр. 48 тонна жанар-жағар май, инертті материалдар, қапшық пен шатырлар дайын. Эвакуациялық пункттер де әзір. Жылыой ауданындағы Құрсай, каналы мен Жем өзені бойынша жоспарланған 95 шақырымның 60 шақырымы тереңдетілген. Алайда, бекітілуі тиіс 61 шақырымның 10 шақырымы ғана аяқталған. 

БЕКТҰРҒАН МАСАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚҰРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жайық өзені мен Каспий теңізі арасыныа Соколок каналының ортасына негізі буын ретінде Гоголь каналы тереңдетіп қазылды. Қазіргі уақытта бұл жұмыстардың 14 шақырымы аяқталы.