$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Атырауда ұлын өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін итермелеген 40 жастағы ер адам сотталды

31.01.2025ж. 20:00
224
Атырауда ұлын өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін итермелеген 40 жастағы ер адам сотталды

Атырауда ұлын өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін итермелеген 40 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

ЭЛЬМИРА ОЙҚҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық Кодекстің 105-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық Кодекстің 58-бабы 6 бөлігі негізінде Атырау облысы, Атырау қаласы 2024 жылғы 18 наурыздан бастап тағайындалсын. Жаза өтеу орны болып Қылмыстық Атқару Жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі болып тағайындалсын.

Бірақ сотталушы мен оның туыстары сот залында үкімге қарсылық білдіріп, істің әділ қаралмағанын алға тартты. Олардың сөзінше, әкесі балаларымен кездесу кезінде үлкен ұлын тек құшақтағысы келген. Ал бұрынғы әйелі мұның бәрін теріске шығарып отыр.