Қазақстандықтардың төрттен бірі азаматтық некені қолдайды. Әлеуметтік зерттеуді қоғамдық даму институты жүргізген. Жауапкершілігі жоқ жұптық өмірге құмартып жүргендер кім? Азаматтық неке - махаббат па, әлде алдамшылық па? Тілшілеріміз таразылады.
Айтысымыз әріге кетіп барады. Азаматтық некенің ерлер үшін еркіндік екенін түсінер емес.
Түсінік деп дегеніне көндіруге тырысатындар жетеді. Бірақ ол некенің ешқандай жауапкершілігі жоқ. Тіпті құжатпен мөрленбейді. Сезім суыса жараспадық деп өз жолдарымен кете салады.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Азаматтық дұрыс емес қой. Заңды неке болуы керек. Қазіргі жастарды ата-ана тәрбиелегенімен. Сырттағы көзқарас бөлек болып тұр.
- Еркектер жауапкершіліктен қашатын сияқты. Қыз балалар жат жұрттықа жарлаған ойланса екен
Бес саусақ бірдей емес. Пікірдің сан алуан болатыны сондықтан. Ал заңды неке қидырғандардың барлығы бірдей бақытты болмайтынын неге ескермейміз? Жұптардың жарасымдылығын азаматтық некемен бағамдап алуын психологтар қолдайды.
ДАНА ТОҚТАСЫНОВА, ПСИХОЛОГ:
Екі адам келісіп, белгілі уақытта азаматтық некеде тұруға болады. Азаматтық некеде тұрған адамдар уақыт өте келе бір-бірін таниды, ұнай ма, ұнамай ма? Минустарын көріп, екеуміз ертең отбасы бола аламыз ба, жауапкершілік ала аламыз ба деген бір репетиция жасап көруге болатын сияқты.
Некесіз өмір сүру, ұрпақ әкелу харам екенін де ұмытпаған абзал.
ЕЛБЕК ҚОЖАМҰРАТОВ, ҚМБД ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІ МАМАНЫ:
Дінімізде неке дұрыс сахиқ, батыл бұрыс. Дұрыс неке ата-ананың разылығы, куәгерлердің болуы және неке қиылып осы некенің жариялануы. Осы кезде неке сахиқ дұрыс болып есептеледі. Батыл неке куәгекрлерің болмаса неке саналмайды. Алланың құзырында есептелмейді
Бірақ менің көзқарасымдағылардың саны артып келеді. Оған- қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеу дәлел. 3 жауап нұсқасы берілген кезде респонденттердің 28,3 пайызы азаматтық некені қолдайтындарын жеткізген. 33,1 пайызы қарсымыз деп жауап берсе, бейтараптық ұстанғандар 33 процентке жуықтады.
АЗАМАТТЫҚ НЕКЕГЕ КӨЗҚАРАС:
ОҢ – 28,3 %
ТЕРІС – 33.1%
БЕЙТАРАП – 32,8 %
Некенің бұл түрі тіркелмейді. Сондықтан азайды, көбейді деп нақты кесіп айта алмаймыз.