Түркістан қалалық соты Сауран ауданының білім бөлімінің басшылары Батырбековаға, Шегенбаевқа, бухгалтерлер Жанәлі мен Парменовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 29 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Батырбекова мен Шегенбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылса, Жанәлі мен Парменов сол мерзімге бас бостандығын шектеді.
Cондай-ақ Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті" РММ бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушысы Бегалаеваға және "№12 қалалық емхана" ШЖҚ МКК медбикесі Ирбаеваға қатысты үкім шығарды.
Бегалаева бірнеше рет пара алғаны үшін, Ирбаева мүгедектік топтарын келіскені үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан жалпы сомасы 500 мың теңгеге пара алуда бірнеше рет делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Бегалаева мен Ирбаеваға тиісінше 23,3 млн теңге және 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.