Қаңтар айында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасап, құзырлы органдардан жарты жылдан астам уақыт жасырынып жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың маусым айында ол көшеде Ақтөбе қаласы тұрғынының телефонын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен.
Полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде 49 жастағы ер азаматты анықтап, мемлекетаралық іздеуге жариялады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жуырда ер адам Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.