Елордада 5 қабатты тұрғын үйдің ірге қабатында орналасқан жиһаз цехындағы қоймада өрт шықты. Оқиға Сарыарқа ауданы Республика даңғылы бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ құтқарушылары тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Олар баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін шамамен 80 адам өз бетінше далаға шықты.
Қызыл жалын аумағы - 50 шаршы метр. Төтеншеліктер өртті шақыру түскен сәттен бастап 25 минут ішінде сөндірді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.