$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Филадельфиядағы ұшақ апатынан құрбандар саны артуы мүмкін

AstanaTV
01.02.2025ж. 12:05
76
Филадельфиядағы ұшақ апатынан құрбандар саны артуы мүмкін

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккендер мен құрбандар саны артуы мүмкін. Қала мэрі Шереоль Паркер шұғыл баспасөз жиынын өткізіп, осылай деп хабарлады.

Шағын әуе көлігі ұшып келе жатып, шаһардың солтүстік шығысындағы сауда үйінің маңына құлаған. Жердегі газ құбыры жарылып, өрт шықты. Борттағы 6 адам опат болды. Тағы 3 кісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиға орнында құтқару бригадасы мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Шерель Паркер, Филадельфия қаласының мэрі:

- Ұшақ Коттман-авенюдегі Рузвельт Молл сауда үйінің үстіне құлады. Оқиға кешкі 6 шамасында болды. Ғимараттар мен көліктерге зақым келді. Апат салдарынан қаза тапқандар санын әзірге нақты айта алмаймыз. Тұрғындарды оқиға болған жерге жақындамауға және апатпен байланысты қандай да бір ақпар білсеңіз, 911 байланыс нөміріне қоңырау шалуға шақырамын.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.