$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Бала қоқыстан граната тауып алып, үйіне әкелген: бүтін бір отбасы қаза тапты

AstanaTV
01.02.2025ж. 15:46
86
Бала қоқыстан граната тауып алып, үйіне әкелген: бүтін бір отбасы қаза тапты

Әзербайжанның Агджабеди ауданына қарасты Хиндарх ауылындағы үйлердің бірінде қол гранатасының жарылуы салдарынан бүтін бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі trend.az сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала қоқыс алаңынан оқ-дәріні тауып алған. Кейін оны үйіне алып келген.

Бала оны отбасы мүшелеріне берген сәтте жарылыс механизмі іске қосылып, бір отбасының бес мүшесі қаза тапты, ал екеуі жарақат алды. Қаза тапқандардың үшеуі – бала.

Әзербайжанның Бас прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқаны айтылды.