Филадельфиядағы ұшақ апатында борт ішіндегі болғандардың барлығы көз жұмды.
Пенсильвания штатының шубернаторы Джош Шапиро осылай деп мәлемдеді. Оның айтуынша, әуе көлігінде барлығы 6 адам болған. 2 ұшқыш, 2 медицина қызметкері, кәмелет жасына толмаған 1 жолаушы мен оның туысы.
Еске салайық, санитарлық авиациялық шағын ұшақ тұрғындар қоныстанған аймаққа құлап, артынша өрт шықты. Тергеу басталып, оқиға орнында арнайы топ жұмыс істеп жатыр.
Джош Шапиро, Пенсильвания штатының губернаторы:
- Апаттан қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар арасында қайтыс болғандардың саны әлі белгісіз. Өрт сөндіру және полиция қызметі аянбай еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.