2025 жылғы наурызда қазақстандықтар мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда 14 күн демалады.
Бұл туралы Almaty.tv хабарлайды.
Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8 және 9 наурыз - демалыс, ал 10 наурыз - жұмыс күні болады.
Наурыз мейрамы биыл 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері беріліп, қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.